«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) өз қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы идеология мен нөлдік төзімділік принципін қалыптастырады.

Қарыз алушыларға заңсыз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты уақтылы анықтау және алдын-алу үшін біз үнемі корпоративтік мәдениетімізді жетілдіріп, қаржылық қызметіміздің ашық және адал стандарттарын ұстанамыз.

Қоғам, ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша кешенді және жүйелі шараларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі мен талдауын жүргізуді, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында қызметкерлерді оқытуды қамтитын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстар фактілері туралы келесі нөмірлер бойынша хабарлауға болады:

1. Комплаенс қызметі: + 7 (7172) 678-409, ішкі нөмір 71182, мобильді телефон +7-707-418-79-07.

2. Қауіпсіздік департаменті: + 7 (7172) 678-403, ішкі нөмір 71222, 71220, мобильді телефон +7 701 989 80-48+7-702-607-43-77.

Қоғамның филиалдары Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында орналасқан.  Егер Сіз өзіңіздің құқықтарыңыздың бұзылуымен немесе Қоғам қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келіп жатсаңыз, Сіз аймағыңызда орналасқан филиал директорына хабарласа аласыз.

Сондай-ақ Қоғамның Комплаенс-қызметіне тікелей мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы, 19/1 (10 қабат).

Сіздің өтінішіңіз назарсыз қалмайды және ол бойынша тиісті шаралардың қабылданатынын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғам анонимді өтініштерді қараудан бас тартуға құқылы.