Информация о страховании
2020 жылдан бастап Қазақстанда аграрлық саладағы ерікті сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2020 ж. N 159 бұйрығымен осы саладағы оператор ретінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры анықталды.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі оператордың функцияларына мыналар жатады:
1) сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қызметтерді сатып алу және оны сүйемелдеу;
2) сақтандыру сыйақыларына субсидиялар түрінде бюджет қаражатын бөлу процесін басқару;
3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптау және бекіту. Өнімдерді АӨК-тағы сақтандыру операторы немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
6) сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыру.