Информация о кредитовании

Несиелеу туралы ақпарат

2020 жылы 63 081,6 млн теңге сомасына 12 064 қарыз берілді.

Оның ішінде:

- Қордың өз қаражатынан - 11 524,8 млн теңге;

- Тартылған қаражаттан - 51 556,8 млн теңге.

«Еңбек» бағдарламасы

2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қоғамға 42 897,1 млн теңге бөлінді (оның ішінде ауылдарға – 31 137,9 млн теңге және қалаларға – 11 759,2 млн теңге).

2021 жылдың 1 қаңтарына Қоғаммен 42 897,1 млн теңгеге 9584 қарыз берілді. Оның ішінде 25 084,3 млн теңге сомасына 6121, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша - 17 667,1 млн теңге сомасына 4859; зәкірлік кооперация аясында - 1 560,5 млн теңге сомасына және 161 стартап – жобалары бар.

Нәтижесінде 12 032 жұмыс орны құрылды.

Бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың 100 % игерілді.

Етті мал шаруашылығы

Қор 2 715 импортталған ІҚМ сатып алу үшін 1,3 млрд теңге сомасына 29 жоба, сондай-ақ 2 715 ұсақ мал басын сатып алу үшін 83,3 млн теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды.

2018 жылдан бастап осы бағыт бойынша қаржыландырылған жобалар аясында Ресей, Чехия, Словакия, Беларусь, Венгрия және басқа елдерден 35 279 ірі қара мал әкелінді.

Сонымен қатар, елдің ішінде 19,4 мың бас ІҚМ, 34,4 мың ұсақ мал басы, 424 түйе, 7,7 мың бас жылқы сатып алынды.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша агенттік қызметтер

Ауылға жұмыс істеуге келген дипломы бар мамандарға несие беру жөніндегі сенімді өкіл (агент) бола отырып, Қор 2010 жылдан бастап жеке тұрғын үй сатып алуға және салуға 35 мыңнан астам несие берді.

Ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие беру - «Дипломмен ауылға» жобасының аясында мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады.

Бағдарламаның несие сомасы - 1500 АЕК-ке дейін, мерзімі - 15 жыл, пайыздық мөлшерлемесі - 0,01 %. Осы шарттардың арқасында бағдарлама жастардың арасында жоғары сұранысқа ие болды.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардан басқа, биылғы жылы тізімге ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері де енгізілді. Бұл өзгеріс ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына осы жылдың қыркүйегінде енгізіліп, қолданысқа енгізілді.

2020 жылы осы бағыт бойынша 19 524,7 млн теңге сомасына 4 931 несие берілді.

Пандемияға байланысты шектеу шараларына қатысты төлемдерді кейінге қалдыру

Пандемияға байланысты шектеу шараларын енгізу кезеңінде бизнесі зардап шеккен клиенттерге несие төлеуді кейінге қалдыру ұсынылды.

Осылайша, 1 771,5 млн теңге сомасына 4 068 жоба бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылды. Бұл жобалар бойынша 4 358 жұмыс орны құрылған болатын.