Агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа сақтандыру жүйесі

2020-жылы агроөнеркәсіп кешені саласында жаңа сақтандыру жүйесі іске қосылды. Оның сақтандыру операторы «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.

2004-жылдан бері өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істеп келген болатын. Ал, мына жаңа жүйе одан ерекше болмақ.

Біріншіден, агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру ерікті түрде жүргізіледі.

Екіншіден, салаларға шектеу жоқ. Аграрлық сектордың кез келген бағыты сақтандырылады.

Үшіншіден, сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды. Бұл - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыруға және сақтандыру шартын жеңілдетуге бағытталған. Сақтандыру сыйақы сомасының 50 %-ын мемлекет субсидиялайды. Ол үшін 2020 жылы республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге, 2021 жылы 1 млрд теңге бөлінді.

Жаңа жүйені әзірлеу кезінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың проблемалық мәселелері ескерілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында жүйеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істей алады.

Жаңа жүйеде әлемдік сақтандыру нарығында "А" рейтингі бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы жұмыс істейтін болды. Олар отандық компаниялар сақтандыратын тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілді төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлеммен аяқталатын барлық процедуралар электронды цифрлық қолтаңба арқылы Qoldau.kz электронды платформасында жүргізіледі. Процестерді автоматтандыру адами факторды азайтады және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда келесі сақтандыру өнімдер бекітілген:

1) Ылғалдың индексіне негізделген өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру. Демек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі егіс алқабын жазғы құрғақшылықтан немесе күзгі жауын-шашыннан сақтай алады.

Сақтандыруға дәмал шаруашылығындағы сақтандырунді дақылдар –  бидай, арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдар – күнбағыс, рапс, зығыр өнімдері жатады. 2021-жылы мониторингті жүзеге асыру үшін ақпарат жерді қашықтан зондтау көздерінен алынады, топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі көрсеткіштеріне өзгерістер енгізілді. Ылғал деңгейі үнемі бақыланып, сақтандыру жағдайы туындаған факт автоматты түрде тіркеледі.

Сақтандыру жағдайы туындағаны туралы Qoldau.kz жүйесіндегі жеке кабинетіне немесе жеке электронды поштасына келген хабарламаны алғаннан кейін фермер төлем жасайтын сақтандырушыға (сақтандыру компаниясына) өтініш береді.

Сондай-ақ, фазаның аяқталу уақыты да өзгерді. Ылғалдың жетіспеушілігінен сақтандыру үшін фермерлер биыл 15-мамырға дейін сақтандыру шартын жасасуы керек. Сақтандыру мерзімі дәнді дақылдар бойынша 3 айды - 2021 жылдың 15 мамырынан 14 тамызына дейін, ал майлы дақылдар бойынша 2021 жылдың 15 маусымы мен 14 қыркүйегі аралығын қамтиды.

Артық ылғалдан сақтандыру шарттары 15 тамызға дейін жасалуы керек, сақтандыру қорғанысы 2021 жылдың 15 тамызынан 14 қазанға дейін жарамды;

2) шаруашылықтың аймағында (қалыптымал шаруашылығындағы сақтандыру қамту) және 5 км радиустағы көршілес аумақтарда (кеңейтілген қамту) ауру, өрт, жазатайым оқиғалар, табиғи апаттар мен ұрлық салдарынан, малдың өлімінен, жоғалуынан сақтандыруды қамтамасыз ететін мал шаруашылығындағы сақтандыру.

Сақтандыру өтеміне және сақтандырылатын малдың санына (кемінде 30 бас) байланысты сақтандыру тарифі 1,54-тен 4,62%-ға дейін болады.

Сақтандыру процестері автоматтандырылған және алгоритмі жоғарыдағы сақтандыру жүйесіне ұқсайды.

Сақтандыру өнімдерінің тізімі нарықтағы маңыздылығы мен сұранысына орай агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру жүйесінің дамуына байланысты кеңейеді.